27.12.18 ж. аудандық ауруханасы қызметкерлері арасында жылдағы үрдіс бойынша аудандық мәдениет және демалыс орталығында жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды.

 

Медицина қызметкерлерін арнайы құттықтап келген аудан әкімі Д.Ж.Сағыров аурухана қызметкерлерін марапаттап, келер жылға да мол табыстар тіледі.

 

Карнавалдық кешке жаңа жылдық костюмдарын қорғаған және ерекше жаңа жылдық безендірген ұжым қызметкерлері жүлделі орындармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.


РS.: "Жаңа жылды" ерекше ықыласпен қарсы алуды үрдіске айналдырған аурухана қызметкерлеріне саулық, байлық, ынтымақ тілейміз!

 

.