БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздар құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелердің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде жарияланған 11 қазан –Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік аясында, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің және Ойыл қазақ орта мектебінің жоғары сынып қыз балалары арасында акушер –гинеколог Жайкбаева Т.И, психолог Майлыбаева А.А.қатысуымен «Қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау», «Қыз –бұл болашақ ана», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Жеке бас гигиенасы», «Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын алу» бойынша дәріс ұйымдастырылды. Сондай –ақ, мектеп мейірбикесі Кенжеғалиева Ж. жасөспірім қыздардың даму ерекшеліктері бойынша сауалнама жүргізді. Барлық қатысушыларға профилактикалық, ақпараттық оқу материалдары таратылды.
https://oiyl-aa.kz/kz/zhanaly-tar/179-erte-zh-ktilik.html#sigFreeIdfa4e2b0323









