ӨМІРБАЯН

 

Мен, Жакиев Жолдыбек Асылбекович 1960 жылы қараша айының 26 күні Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Саралжын ауылында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ. 1979-1985 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын толықтай бітірдім. 1985-1986 жылдары Алға аудандық орталық ауруханасында 1 жылдық интернатурасын терапия саласында өттім. 1986 жылы Қобда аудандық орталық ауруханасына учаскелік терапевт дәрігер қызметіне қабылдандым. 1998 жылы бас дәрігердің орынбасары қызметіне аударылдым. 1999-2000 жылы бас дәрігер қызметіне тағайындалдым. 2000-2011 жылдары жасөспірім терапевт дәрігері қызметін атқардым. 2012 жылдан осы уақытқа дейін бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарып келем.

Бірнеше рет өз кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында әр-түрлі циклдар бойынша кәсіби біліктілік курстарын өттім. Атап айтар болсақ: 2012 жылы Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығында «Стратегия ведения больных с острым коронарным синдромом на госпитальном этапе» циклы бойынша. 2012 жылы «ISO ұсыныстары бойынша стандарттармен қамтамасыз етудегі ішкі аудит қағидаларын жетілдіру» циклы бойынша. 2013 жылы «Ауруханаішілік инфекциялардың өзекті мәселелері» циклы бойынша. 2013 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында «Вопросы аккредитации медицинской организации» циклы бойынша. 2014 жылы «Өндірістік ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» оқу бағдарламасының курсын және «Интегрированное ведение болезней детского возраста» семинар- тренингін қатыстым. 2014 жылы «Наркологиялық сараптаудың өзекті мәселелері»циклы және «Терапияның таңдаулы сұрақтары» циклы бойынша. «Острый коронарный синдром: современные аспекты диагностики и лечения» «Профилактика тромбоэмболических осложнений у больных с фибрилляцией предсердий» тақырыбы бойынша кәсіби біліктілікті курстарын өттім.

Отбасым бар, екі ұл және бір қызым бар.