Өмірбаян
Мен, Саренова Ботакоз Максатовна 1964 жылдың 10 ақпан күні Исатай ауданында Ново-Александровка ауылында дүниеге келдім. 1981 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «Педиатрия» факультетіне түсіп, 1987 жылы 30 маусымда мемлекеттік емтихан комиссиясының шешімімен педиатр дәрігер деген біліктілік берілді.. 1987-1988 жылдары Жамбыл қаласындағы №2 қалалық балалар емханасында неврология саласы бойынша интернатураны өттім.
Медицина саласындағы жұмыс өтілім – 30 жыл 7 ай. 1988 жылы Жамбыл қаласының аудандық орталық ауруханасының педиатр-невропатолог дәрігер қызметін атқардым. 1991жылы Қобда аудандық орталық ауруханасына учаскелік педиатр дәрігері қызметін, 1992 жылы тамыздан бастап райпедиатр дәрігері қызметін атқардым. 1994 жылы 23 қарашадан бастап бас дәрігердің орынбасары қызметін 2011 жылға дейін атқардым. 2011 жылдың 13 желтоқсанынан бастап бас дәрігер қызметін атқарып келемін.
Ғылыми-практикалық конференцияларға және семинарларға үздік қатысамын.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне облыс әкімінің медалімен, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыс әкімінің медальмен марапатталдым.









