ӨМІРБАЯН

 

 Мен, Пернебаева Алия Бейсеновна 1973 жылы наурыз айының 27 күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында Ленин исалы совхозында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ.

1990 жылы орта мектепті бітірген кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына «педиатрия» мамандығына түстім. 1996 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығымен бітіріп шықтым. 1996 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институнда интернатураны өттім. 1997 жылы учаскелік педиатр ретінде қалалық балалар ауруханасына жұмысқа қабылдандым. 1998 жылы консультативті- диагностикалық клиникаға учаскелік педиатр дәрігері қызметіне аударылдым. 1999 жылы «Аслан » жанұя дәрігерлік амбулаториясына педиатр дәрігері қызметіне аударылдым. 1999-2000 жылдары «Кайтпас» жанұя дәрігерлік амбулаториясында жанұя дәрігері қызметінде қызмет атқардым. 2000-2001 жылдары №1 қалалық ауруханасында, 2001 жылы №3 қалалық балалар емханасында учаскелік дәрігер қызметін, 2002 жылы Ақырап ауылдық ауруханасына педиатр дәрігері қызметін, 2005 жылы Жарық ауылындағы дәрігерлік амбулаториясында аға дәрігер қызметін, 2006 -2011 жылдары Терісаққан дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері қызметін атқардым. 2011 жылдан бастап Қобда аудандық орталық ауруханасының бас дәрігердің халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келем.

 Бірнеше рет өз кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында әр-түрлі циклдар бойынша кәсіби біліктілік курстарын өттім.  2007 жылы «Семейная медицина» циклы бойынша, 2011 жылы «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» циклы бойынша, 2014 жылы «Интегрированное ведение болезней детского возраста » және «Кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша қаржыландыру шартындағы амбулаторлық поликлиникалық ұйымдарды басқару ерекшеліктері»  циклы бойынша, «Наркологиялық сараптаудың өзекті мәселелері», «Қоғамдық денсаулық сақтау/ әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» циклы бойынша біліктілік курстарын өттім. «Медициналық реабилиталогия, қалпына келтіре емдеу» тақырыбы бойынша 2017 жылы қайта даярлау курсын оқып шықтым.

Отбасы жағдайым – күйеудемін. Үш балам бар.