ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ... Бүгін, 20 ақпан күні, аудандық мәдениет және демалыс орталығында жасөспірім қыз балалар арасында, «Ерте жүктіліктің денсаулыққа берер зияны» атты жиын өткізілді.
Аталған шараға аудандық аурухананың жасөспірімдер дәрігері Н. А. Аралова, салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы А. А. Майлыбаева және акушерка А. Қ. Наурызбаева "Ерте жүктіліктің зияны","Жыныстық жетілу","Қыз балалардың гигиенасы" бойынша мәліметтер берді. Сонымен қатар, аудандық әкімшілік, аудандық білім бөлімі, ішкі істер бөлімі және "Замандас аналар" клубы мүшелері де өз салаларындағы ерте жүктілік мәселесі бойынша, ақыл кеңестерін айтты. Қатысушыларға әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, алдын алу мақсатында мысалдар келтірілді.










