Бүгін, 24.10.2018 ж салауатты өмір салтын қалыптастыру  мамандарының ұйымдастыруымен диспансерлік есепте тұратын науқастар арасында дәрігер невролог Хасанова А.Н., жалпы тәжірибе дәрігері Хабаева И.Ж. қатысуымен артериалдық гипертензия,  ишемиялық жүрек ауруларының және инсульт ауруларының алдын алу мақсатында  науқастарға денсаулық мектебі ұйымдастырылды.

 

Семинар –тренингте  қан қысымына әсер етуші факторлар және онымен күресу жолдары, инсульттің алдын алу және оның алғашқы белгілері бойынша дәріс оқылды. Сондай –ақ, «Үй жағдайында қан қысымын қалай өлшейміз?», «Артық дене салмағы, кетле индексін анықтау»  тақырыптарында практикалық дағдылар көрсетілді. «Өзіңізді және жақындарыңызды инсульттан құтқарыңыз», «Жүрек-тамыр ауруларының алдын алу», «Дұрыс тамақтанудың 12 қағидасы», «Артериялық гигертонияның дамуын болдырмау үшін не істеу қажет?!» тақырыбында ақпараттық оқу материалдары таратылды. Қатысушылар саны: 21.

@obl_zdrav_aktobe @vrachi_aktobe @zozhaktobe_tooarasan @akimat_uil